Украинаға Еуропаның әскери көмегі күрт өсті

Украинаға Еуропаның әскери көмегі күрт өсті

16-ақпан. Turaninform. АҚШ-тың Украинаға әскери көмек беруі сап тыйылды деуге болады. Керісінше, Еуропаның үлесі күрт өсті. Киль әлемдік экономика институтының ақпараты осындай. Былтыр Еуропа елдері 29 млрд. еуро көлемінде әскери көмек көрсеткен. Мұның 30%-дан астамы, яғни шамамен €9 миллиарды Германияға тиесілі. Екінші ірі донор ел – Ұлыбритания жәрдемі 5,4 млрд. еуроны қамтиды. Шағын Дания үлесінің өзі әжептәуір: британдық көмектің жартысын жуықтады. Бұдан басқа Швеция, Норвегия т.б. елдер жақсылап тұрып көмек беруде.

Сонымен қатар, Еуроодақтың сырт елдерге арналған өткен жылғы қаржылық, гуманитарлық көмегінің 90%-ға жуығы Украинаға бағытталған.

Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0