23-наурыз. Turaninform. Қ. Қалмахан. Үш аптадан асып бара жатқан АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы екі жақ бір-бірін тыңдамайтын, мүдделерін ескермейтін тағы бір жаңа мультикезеңге өткен секілді. Мәселен, АҚШ президенті Д. Трамп Иран билігіне 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын аш деп шарт қойды. Ол өзін жеңіп жатқанға санайды. Сөйте тұра, бұғазды АҚШ-тың сондағы шектеулі әскери күшімен аша алмайтынын байқатты. Тіпті бұл бұғазға мүдделі ел емес екенін мәлімдеді. Басын алып қашу ма?.. Әскери операция түпкі мақсатына әлі жетпеді. Керісінше, жағдайды жедел реттемесе, күрделеніп кетуі әбден мүмкін. Мәселен, Иран да қалыспай, сонау 4000 шақырымдағы АҚШ-Ұлыбритания әскери базасын атып, одан сайын ушықтыруда. Тіпті Еуропаға сес көрсеткісі келеді. АҚШ Иранға бағын дейді, әйтпесе, енді энергетикалық құрылымдарын талқандайтынын мәлімдеп қорқытқан болады. Ресми Тегеран, мұндай жағдайда Таяу Шығыстағы елдердің дәл сондай нысандарын ататынын айтады.
Осындай екеуара итжығыс оқиғалар өрбуі басылмай тұрған сәтте, Axios АҚШ Иранға 6 шарт қоюды жоспарлап отырғанын жариялады. Солардың ішінде:

























ПІКІРЛЕР