21-наурыз. Turaninform. Үш апта бұрын басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы әзір тоқталатын түрі байқалмайды. Керісінше, жайылуы ықтимал. Бүгінгі күні АҚШ пен Израиль Иранның 16 мыңнан астам әскери, үкіметтік т.б. нысандарын қиратқан, жойған. Мұның ішінде зымыран ұшыратын қондырғылар, ұшқышсыз ұшатын аппараттар жасайтын орындар да бар. Сонымен қатар, Иранның кемі 120 әскери кемесін құртқан.
Иран да қалыспай АҚШ-Ұлыбританияның Диего-Гарсия әуе базасын зымыранмен атқылады. 4000 шақырым қашықтықтан атқан көрінеді. Ал, АҚШ болса, Иранмен келісімге келмейтінін тағы мәлімдеді. Ақ үй Иранның мұнайлы Харк аралын басып алуды көздеп отырғаны туралы ақпарат тарады. Әрі байытылған уранды тартып алғысы келетін көрінеді. Соған сәйкес, қосымша күштер жібереді.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР