4-сәуір. Turaninform. Қ. Қалмахан. Армения премьер-министрі Н. Пашинян Ресей президенті В. Путинді бетпе-бет отырып ауыр сынады. Кремль қожасы Арменияға қарата, Еуроодақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың біреуін таңдауын, екеуінде бірге болу мүмкін емесін айтты. Әрі газбен қысым жасайтындай ойы барын байқатты (ЕО-да мың куб метр газ 600 еуродан асатынын, ал, армян еліне ресейлік тарап 177,5 еуродан сатып жатқанын қозғады). Сонымен қатар, Кремльдің ықпалындағы армяндық саяси күштердің Армениядағы сайлауға, яғни саясатқа араласуына кедергі етілмеуін де тілге тиек етті. Н. Пашинян жауабы да дайын екен. Ол Еуроодақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың біреуін таңдайтын сәт келсе, шешімді армян халқы шығаратынын, сыртқы күштердің мұрын тығуына жол берілмейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, “Армения – демократиялы ел” дей отырып, Ресейдегі интернеттің тежелуіне, Telegram-ды шектеуіне теріс көзқараста екенін атап өтті. “Әлеуметтік желілер бізде, мысалы, 100% еркіндікте, ешқандай шектеу жоқ”, – деп және тигізе сөйледі.
Бүгінгі Армения Ресейдің саяси үстемдігін біржола жоюға немесе барынша азайтуға, тиісінше, Батысқа, демократиялық жүйеге ұмтылып жатқаны байқалады. Конституцияны өзгерткісі келіп отырғандығының үлкен бір себебі де сол…
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР