Н. Пашинян Таулы Қарабах армян жері емес деп мәлімдеді

Н. Пашинян Таулы Қарабах армян жері емес деп мәлімдеді
12-мамыр. Turaninform. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабах армян территориясы емес деп мәлімдеді. Оның саяси қарсыластары аталған аймақты жоғалтты деген сынды сөздермен айыптайды. Пашинян оларға: “Бұл жер қалайша біздікі болды?” дей келе, соны түсіндіріп беруін сұрады. Таулы Қарабақ агрессия негізінде, армянға өтті дегенді меңзесе керек.
 Сонымен қатар, ол Қарабақ жерінде армян елі тарапынан зауыт, балабақша т.б. салынбағанын да қоса кетті. Дегенмен Никол Пашинян Таулы Қарабақ үшін шайқаста ҰҚШҰ елдерінен әскери көмек болмағанын өз халқына әлі де түсіндіре алмай келе жатқанын Кремль қожасына таяуда ғана айтқан еді…
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0