23-қаңтар. Turaninform. Бүкіләлемдік экономикалық форумның бір бөлігін өткізіп барып қатысқан Украина президенті Еуропаны ауыр сынады. “Өткен жылы осы жерде, Давоста: “Еуропа өзін қорғай алатындай болуы тиіс” деп аяқтап едім сөзімді. Жыл өтті. Ештеңе өзгермеді”, – деді В. Зеленский. Оның сөзінше, Еуропа ертеңін талқылағанды жақсы көреді, бүгінгі мәселеден басын алып қашады. – Трамп көлеңкелі флоттағы (Ресейдің) танкерлерді ұстап, мұнайын тәркілей алады. Ал, Еуропа – олай етпейді. Неге?, – деді ол. Дегенмен айтқаны сол еді, Франция Ресейдің санкцияға ұшыраған, жалған ту ілген танкерін Жерорта теңізінде ұстады.
Сонымен қатар, мысал ретінде, Ресей Литваны басып алып, Польшаны атқыласа, қай ел жауапты соққы бере алатыны туралы сауал тастады. Ол НАТО іс жүзінде әлі өзін көрсетпегенін атап өтті.
Фото интернеттен алынды


























ПІКІРЛЕР