23-мамыр. Turaninform. Әлем бойынша 1,2 миллиардқа жуық адамның психикасы бұзылған. Бұл туралы әйгілі The Lancet медициналық журналында жарияланды. Өкінішке қарай, отыз жылдан аса уақытта сондай адамдардың саны екі есе дерлік артқан. Ал, ауыр депрессияға ұшырғандар, үрейлі күймен жүргендер саны болса, шамамен 2,5 еседей өскен. Әсіресе әйелдердің арасында көбірек кездесіпті. Ерлердің ішінде назар жетіспеушілігі синдромы және гиперактивтілік, мінездің бұзылуы т.б. жиірек байқалған.
Сонымен қатар, жүктің ауыры жасөспірімдерге, бозбала шақтағыларға түсіп отыр екен. Оларға уақытылы профилактикалық көмек жасамаса, түрлі теріс жағдайлар өрістеуі ықтимал.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР