7-шілде. Turaninform. Қ. Нұрғали. Жапониядағы Явата қаласының мэрі Сёко Каватаның декретке шығатыны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас тудырды. Мысалы, бір сайлаушы әкім болғанға дейін ол туу мәселесін шешіп алуы керек еді десе, екінші біреу оның қызметтен кетуін талап еткен. Тіпті кейбіреуі декретке шыққаннан бастап, жұмысқа түскенге дейінгі уақыттағы жалақысын қиып тастау қажет деген.
Ол сайланбалы жолмен келген, әрине. Сондықтан талап осындай, яғни сол өңірдегі жұрттың тұрмыс-тіршілігіне жауапты лауазымды атқаруға ұмтылып, жетті ме – тиісінше, атқарсын деген ой жатыр. Мұның астарында. Біздегі көп әкім мынаны естісе: демократиядан Құдай сақтасын дейтін шығар…
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР