20-мамыр. Turaninform. М. Санду Ресейден, Молдова жеріндегі әскерін әкетуді тағы талап етті. Бүгінгі күні Молдовада Ресейдің 1500-1700 әскері орналасқан делінеді. Бұл сонау КСРО-дан бері келе жатыр. Одақ ыдырағанда, Кремль алып кетпеді. Керісінше, жікшілдерді қолдап, молдован жерінен Приднестровье аймағын бөліп қойды.
Империя көздеген қазіргі Ресей Молдованы одан сайын қысып жатыр. Кремль қожасы осыдан бірер күн бұрын ғана Молдовадағы жікшілдерге (Приднестровье) жеңіл жолмен төлқұжат беретін Жарлыққа қол қойды. Бүгінгі күні ресейлік төлқұжатты алғандар саны 220 мыңға жеткен көрінеді.
Молдова президенті М. Санду сыртқы саясатта Ресеймен біржола ат құйрығын үзгісі-ақ келеді. Бірақ, шамасы әзір жетер емес.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР