24-қыркүйек. Turaninform. Жыл басынан бері Украина Ресей басқыншыларынан 800 км² жерін азат етті. Бұл туралы Украина президенті В. Зеленский The Wall Street Journal-ға берген сұхбаты барысында айтты. Оның сөзінше, осы уақыт аралығында Ресей Украинаның 890 км² жерін басып алған. Демек, 100 км²-ге жуық жерінен айрылған. Бірақ, бұл алдыңғы жылдағыдан әлдеқайда аз. Сол жерді басып алуға кеткен әскери шығыны тіпті сұмдық: ай сайын 30 мыңнан астам әскерінен айрылған.
Дегенмен Кремль, Украина-Ресей арасында келіссөздер бола қалған жағдайда да, соғысты тоқтатпайтынын мәлімдеді. Ал, Украинаның қысқа дейін тоқтату ойы бар.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР