Каспийдегі әскери жаттығуда қаза тапқандар саны он екіге жетті

Каспийдегі әскери жаттығуда қаза тапқандар саны он екіге жетті
24-қыркүйек. Turaninform. Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қазаға ұшыраған әскерилердің саны он екіге жетті. Дегенмен әлі де өсуі мүмкін. Себебі, суға кеткендер саны 17 адам делінеді. Олардың үшеуі құтқарылған. Ал, екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр екен.
 Қайғылы оқиғаға себеп ретінде, ауа-райының күрт нашарлауын, күшейген желді атаған. Десек те, техника мен технологияның жоғары дамыған заманында, соны алдын ала анықтап, тәптіштеп барып, оқу-жаттығуға шығуға не кедергі болғаны белгісіз…
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0