Құрманғали Нұрғалиев
Ақылойды бағалаған АҚШ кезінде қалтасы жұқа болған, бірақ зерек Билл Гейтсті, Стив Джобсты, Марк Цукербергті миллиардер етті. Тиісінше, мемлекеті де қазір қайырын көріп отыр: онмыңдаған жұмыс орны, бюджетке түсіп жатқан көлемді салық.
Олардың әрқайсысының компаниясы мемлекетінің де айбынын көрсетіп тұр! Қуатын айқындап отыр. Бір ғана «Apple» компаниясының құны «қалта қараған», яғни жемқорлыққа батқан елдердің қатарындағы Ресейдің бюджетінен көп! Ал, жылдық пайдасының өзі біздің ел ЖІӨінің шамамен 80%-дайы! Бюджетімізден 4-5 есе артық! Бір компанияның өзі!
Ал, «Аpple» мен Билл Гейтс, Марк Цукерберг компанияларының жалпы құны, Ресейдің ($1,325 млрд., 2015ж.) ЖІӨімен шамалас! Әлемнің алдыңғы 15-тігіне кіріп отырған Ресеймен! Сонда үш компанияны шартты түрде мемлекет деп алсақ, олар алдыңғы 15-тікке еркін кіріп қана қоймай, Ресеймен де тең дерлік тұрмақ! G-20-ның ішіне еркін енбек. Үшеуінің де иелері салыстырмалы түрде алғанда нөлден бастағандар! Бұл Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толғалы тұрған біздің елді де жақсылап ойлантуы тиіс…
ПІКІРЛЕР