Астық межесі – 22 млн тоннадан асыру, бірақ, рекорд емес

Астық межесі – 22 млн тоннадан асыру, бірақ, рекорд емес

 Құрманғали Нұрғалиев

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда, биыл ауылшаруашылығы дақылдары жалпы жиынтықта 22 млн. тоннадан аспақ. «Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы шамамен 21,7 млн га құрады. Бұл алдыңғы жылғы көлемнен 445,1 мың га­ға артық. Жалпы егіс алқаптарының өлшемінде дәнді дақылдардың үлесі – 15,4 млн га, майлы дақылдар – 2,0 млн га, бақшалық өнімдер мен картоп – 426,7 мың га», – дейді ҚР Ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов. Оның айтуынша, қант қызылшасы 12,9 мың га, мақта 109,6 мың га аумаққа егілген.

Бүгінде еліміздің көптеген аймағында егіннің үлкен бөлігі орылған. Мәселен, 20 қыркүйекте дәнді дақылдар алқабының 72,1%­ынан (11,1 млн. гектарға жуық) егін жиналған. Түсімділік гектарына 14,9 центнерге жетіп, өткен жылдың тиісті мерзімінен 3,4 ц/га артыпты. Еліміздің астықты облыстарында қыркүйек айының бірінші онкүндігінің өзінде (Қостанай облысы, Ақмола облысы, СҚО) 6 млн. га шамасындағы аумақтың орылғаны мәлім етілді.

Күздік орым жұмыстарына 391,6 мың тонна жанар-жағармай жұмсау жоспарланған.

Сонымен, меже – 22 млн. тоннадан асу. Егер, болжам дұрыс шықса, бұл рекордтық көрсеткіш емес. Себебі, Тәуелсіз ел тарихындағы жоғары көрсеткіш 2011-жылы болды. Сол жылы 27 млн тонна астық алынған еді.

Фото мына сайттан алынды: astanafm.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0