Астанада Kazakh grain & logistic forum-ы басталды. Аталмыш іс-шараға әлемнің 15 елінен кемі 150 делегат қатысып жатыр. Олар агрохолдинг, астық экспорттайтын, импорттайтын, логистикамен айналысатын т.б. компаниялардың өкілдері.
Форум барысында Қазақстандағы, әлемдегі астық нарығы, логистика, ауыл шаруашылығының даму бағыттары сөз етілді. Көрші елдердің осы саладағы өкілдері де өз ойларын ортаға салды.
Қысқаша алғанда, еліміздің ауыл шаруашылығына қатысты мынадай сөздер айтылды:
● Соңғы 30 жылда жердің (шаруашылық) құнары 20%-ға кеміген;
● 500 шаруашылық сатылымға шығарған. Бұл ауыл шаруашылығы саласында, сонау жылдардан (2011ж. салыстырылды) бергі мәселелер шешілмей келе жатқанының бір белгісі ретінде аталды;
● Қазақстанды, астық экспортында, Ресей Қырғызстан нарығынан ығыстырған;
● Қытайға Қазақстан 2 млн тонна астық экспорттайды. Ал, айдаладағы Украина, іргедегі Ресей бізден көп көлемде сататыны айтылды;
● Ұн экспортында ендігі Қазақстан Өзбекстан нарығына ілгерідегідей енуі екіталай. Басты сүйенер елі – Ауғанстан. Олардан айрылса, бұл саланың жағдайы қиындай түсетін секілді;
● Биыл Қазақстан 26,5 млн тонна астық жинаған. Бірақ, барлығын қайда сатарын шешпеген;
● “40 млн тонна астық алсақ, мұны қайда сатамыз?” деген сарындағы сұрақ та қойылды. Соған жеткізбеуге тырысу, өнім көлемін қолмен реттеу айтылды.Қазақ Grain және Logistic форумында басқа да өзекті мәселелер көтерілді.
Қазақстан болашақта Еуразия деңгейінде ықпалды агроиндустриалды ел болғысы келеді. Бұл жағынан еліміздің әлеуеті зор. Дегенмен бұл салада да мәселе аз емес. Соза бермей, билік шешіп үлгірсе, игі…
Қ. Нұрғали
ПІКІРЛЕР