Қытай юаны – халықаралық валюталардың бірі

Қытай юаны – халықаралық валюталардың бірі

Құрманғали Нұрғалиев

 Көрші еліміз – Қытай юаны халықаралық резервтегі валютаның бірі болатыны туралы көптен бері айтылып келді. Бірақ, бұл жолғысы ресми түрде мәлім етілген. Халықаралық валюта қоры арқылы.

Юаньның үлесі шамамен 11%-дай болмақ. Бұл дегеніңіз жапонның ұлттық валютасы – иенді иық түйістіруге де жаратпайтынын көрсетеді. Тіпті Ұлыбританияның фунтын да артқа тастап отыр. Тек бірінші орындағы – АҚШ доллары (үлесі шамамен – 40%) мен екіншідегі еуро (31%.) ғана өз орнында. Болашақта еуроны ығыстырып, екінші орынға жайғасуы мүмкін деген де болжамдар айтылуда. Оған негіз де жоқ емес. Мысалы, еуроның бұрын үлесі 37% болатын.

Бірінші қазаннан бастап юаньның халықаралық резервтік валютаның қатарына ресми түрде кіруі Қытайдың халық банкісінің құрылған күнімен тұспа­тұс келуі (1 қазан, 1949ж.) жәй сәйкестік пе, әлде әлемдік саясатқа ықпалдың әсері ме? Сырт елдер үшін қоғамының жабық тұсы көп Қытай алдағы уақытта саяси­экономикалық бағытын қалай жүргізеді? Осындай халықаралық маңызға ие жетістікке жетіп жатқанда. Бұл да бір тақырып…

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0