«Сарыарқа кітапханасының» 100 томдығы тапсырылады

«Сарыарқа кітапханасының» 100 томдығы тапсырылады

8­-қазан, сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамед Әбдібеков «Сарыарқа кітапханасы» сериясының 100 томдығын сыйға тартады.

Қазақтың рухани мұрасына айналған антология оқырмандар қауымының игілігіне айналмақ.Үш ғасырды сөйлеткен жинақта Сарыарқа төрінде туған 800 қаламгердің шығармалары топтастырылған. Қаз дауысты Қазыбектен бастап Сәкен Сейфуллин, Қасым Аманжолов сынды ақын-жазушыларымыздың және бүгінгі күн қаламгерлерінің еңбектері қамтылған.

Салтанатты шараға Қарағанды облысының танымал қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, еліміздің белгілі ақындары, көркемөнерпаздар ұжымы қатысады.

 Мекен-жайымыз: Астана қ., Еңбекшілер 10, «Назарбаев Орталығының» ғимараты (кіру  аккредитация бойынша).

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы», жұртшылықпен байланыс қызметі. Тел.: 8 (7172) 69-30-57

Фото el.kz-тен

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0