«Астана – Еуразия жүрегі» – Түмен қаласында

«Астана – Еуразия жүрегі» – Түмен қаласында

Түмен қаласында (Ресей – Turaninform) «Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі ашылды. Экспозиция қаладағы, жалпы аймақтағы жарқын мәдени оқиғалардың бірі. Түмен облысының әлеуметтік-саяси тарихы мемлекеттік мұрғатында жүзден астам экспонат көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Көрменің мақсаты – деректі мәліметтер арқылы еліміздің бас қаласы туралы әңгімелеу. Кеңестік кезең қаланы телефондау мен радиофикация, көшелердің атауларын өзгерту, негізгі кәсіпорындар – «Қазақсельмаш», сорғы зауытын, Қазақ теміржол басқармасын құру туралы құжаттармен сипатталады.

1950-1960 жж. – тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңі Қазақстан астанасының тарихында ерекше орын алады. Ақмола өңіріндегі тың игеру кезеңі бойынша азаматтардың өтініштері, алғашқы тың игерушілердің фотосуреттері ұсынылған.

Көрме бөлімдерінің бірі – Қазақстанның жаңа астанасына арналады. Мұнда қаланы қайта атау туралы жарлықпен, елорданы салу барысы туралы материалдармен, қаланың төлқұжатымен, бас жоспарымен, Астананың суреттерімен және т.б. танысуға болады.

Сонымен қатар, қазақ халқының қолданбалы өнер бұйымдары мен тұрмыстық заттары да көрмеге қойылды: ұлттық киімдер, белгілі шеберлердің зергерлік бұйымдары, музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз).

Қазақ халқының тұрмысы мен бай мәдениеті туралы кеңінен жеткізетін экспонаттарға Түмен тұрғындары үлкен қызығушылық танытып отыр.

Қазақстанның Түмендегі құрметті консулы Сеялхан Мақаш бір күн бұрын Астанада Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен шекара маңындағы ынтымақтастық форумы өткенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай шаралар мемлекет басшыларының ниеттерін іске асырудың белгісі болып табылады.

Шара барысында облыстық дума депутаты Юрий Конев, Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Есімхан Жантасов және Түмен облысының әлеуметтік-саяси тарихы мемлекеттік мұрғатының директоры Елена Долгушина сөз сөйледі.

Қазақстандық делегация басшысы, Астана қаласының мемлекеттік мұрағат директоры Балқия Баймағанбетова құрметті консулға шапан кигізіп, түмендіктерге қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы мәдени байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Ескерту: материал astana.gov.kz. сайтынан қысқартылып алынды.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0