Астана. 25-қазан. Turaninform. Еліміздің ән өнерінде, көптің жүрегінде өзіндік ерекше орны бар өнер қайраткерлеріне қазақ кенде емес. Елордада сондай ірі тұлғалардың қатарында аталатын Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов және Әбілахат Еспаевтың шығармалары негізінде «Ұмытылмас әндер» кеші өтеді.
“Сахна төрінде – Бағдат Сәмединова, Естай Мұқашев, Алтынай Жорабаева, Нұрғали Тұрлыбеков, Бибігүл Жанұзақ, Нұрбол Балапанов, Гүлзира Бөкейхан және басқа да танымал әртістер, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының солистері өнер көрсетеді” делінген Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының хабарламасында.
Абай атамыздың: “Әннің де естісі бар, есері бар…” дегені көпке белгілі. Жоғарыда аталған композиторлар есті әндердің қоймасындай. Әлі күнге әр ұрпақтың өкілін ұйыта тыңдата алады.
Концерт 25 қазанда, Конгресс-холлда сағат 19:00-де басталады.
Сурет afisha.kz сайтынан алынды
ПІКІРЛЕР