Әйнек жауатын, жел жылдамдығы 2 км/сек болатын планета табылды!

Әйнек жауатын, жел жылдамдығы 2 км/сек болатын планета табылды!

Секундына 2 километр жылдамдықпен соғатын желі бар планета табылды. Мұндай жылдамдық Астанадан Алматыға шамамен 10 минутта жеткізеді! Бұл дегеніңіз 600 000 000 тонна тұратын затты көлденеңінен жұлып әкетуге жететін күш тудырады екен! Елестетіңізші,  102 қабатты әйгілі «Эмпайр Стейт Билдинг» (Empire State Building, Нью­Йорк, АҚШ) ғимаратының салмағы 365 мың тонна! Сонда мұндай 1643 ғимаратты құлатады деген сөз! «Эмпайр Стейт Билдинг» секілді жалғыз ғимараттар А4 қағазындай қалқи ұшып жүруі әбден мүмкін-­ау.

«HD 189733b» деп аталатын экзопланетаның үстінде балқыған кремний бөліктері ұшып жүретін көрінеді. Ал, ол аталған планетаға сұйық болып түседі екен, яғни, жаңбыры балқып тұрған әйнек! Олай болмай қайтсін! Ауа-райы 3000°­ты құрайды делінсе!

Экзопланетаны тапқан Халықаралық астрономдар тобы. Кім тапса да, Күн жүйесінен тыс жатқан планетадағы адамзат, басқа да тіршілік иелері төзгісіз жағдай саналы адамға ой саларлықтай…

Құрманғали Нұрғалиев

Фото www.ituniverce.com сайтынан…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0