15-қараша. Turaninform. Құрманғали Нұрғалиев. Саусақ ізін тапсыруды міндетті етуге қатысты талай пікірлер айтылды. Жеке адамның құқығын шектемей ме, әлде, арнайы органдардың базасына енген жалпы азаматтардың мәліметтерін құпия сақтауға қандай кепілдік бар, болмаса, оны бұзған қызметкерге қандай жауапкершілік жүктеледі т.б. сауалдар қазірде көптеген қазақстандықтарды ойландырмады дей алмаймыз.
Дегенмен алдағы уақытта «саусақ ізін тапсырудан бас тартқан адамға жеке куәлік берілмейді. Бұндай заң 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек. Бүгін «Дактилоскопия және геномдық тіркеу туралы» заң жобасын талқылау барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов осылай деді» (astanatv.kz). Әрине, өзгеріс болмай сол қалпында қабылданса, солай болады.
Жобаны іске асыруға кетеді делінген қаржы көлемі әжептәуір: 36,8 миллиард теңге. «Тиіп кетсең, ақша ғой» дейтін қарабайыр сөзге сйымайды.
Вице-министр сондай-ақ: «Бұдан бас тартқан шетел азаматтары бірден елден шеттетіледі. Саусақ іздері электронды түрде тисті мақсатта ғана қолданылады» (astanatv.kz) деген. Мұндайды Еуропаның Шенген аймағына жататын елдері де талап етеді. Олар да енгізген. Бірақ, еуропалық елдердің денінде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет өркендегенін, бізде ол жағы төмен екенін ескерсек, бұл жобаның нәтижесі қалай болатынына қатысты күмән жоқ емес.
Фото islamnews.ru сайтынан
ПІКІРЛЕР