АҚШ доллары ұлттық валютамызға шаққанда 5,73 теңгеге арзандады

АҚШ доллары ұлттық валютамызға шаққанда 5,73 теңгеге арзандады

2-желтоқсан. Turaninform. Бүгін еліміздің қор биржасында ұлттық валютамыз долларға шаққанда әжептәуір күшейді. Таңертеңгілік және күндізгі сессия қорытындысы бойынша алғанда АҚШ доллары орташа есеппен 5,73 теңгеге арзандап, 335,71 болды. Азанғы сессияда 334,34-­ке дейін төмен түскен еді.

ҚР Ұлттық банкінің 2-желтоқсанға белгілеген бағамы $1 үшін 341,44 теңге болатын. Теңгенің бұлайша жедел көтерілуіне мұнай өндірісін шектеу бойынша ОПЕК-­тің келісімге келіп, ілешала «қара алтын» бағасының қымбаттауы, артынша рубльдің күшеюі негіз болды.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0