Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «Тәуелсіздік» шағын ауданы бой көтереді

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «Тәуелсіздік» шағын ауданы бой көтереді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінің 25 тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімі құжаттарын тапсырды.

Облыс әкімі өзінің алғысөзінде жергілікті билік алдымен ауылдық экономиканы дамытуға және ондағы жұрттың өмір сүру деңгейін жақсартуға басымдық беретіндігін жеткізді.

– Ел дамуының негізгі  көрсеткіштерінің бірі – тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы. Өткен жылы Алматы қаласында 51 көпқабатты үй салынса, Қызылордада 53 көпқабатты үй тұрғызылды. Биылдың өзінде көпқабатты 80 үй салынып жатыр. Қызылорда қаласында пәтер кезегінде тұрғандардың 28 пайызы, яғни үштен бірі баспаналы болды. Жосалы кентінде 25 мың халық тұратын болса, оның 1380-і жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға өтініш берген. Аудан орталығынан барлық инженерлік-коммуникациясы дайын  1400 жер телімі бөлініп берілді, – деді облыс әкімі.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Есдаулетов сөз сөйлеп, аймақ басшысына ауылдың әлеуметтік мәселелерінің дер кезінде оң шешімін табуына көмек көрсеткені үшін алғысын білдіріп, Елбасының сарабдал саясаты мен реформаларына қауым боп қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. Мұнан соң ҚР Тәуелсіздік күні мен Жосалы кентіндегі болашақ шағын ауданның негізі  қаланған күннің құрметіне арналған мерекелік шаралар өтті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0