14-желтоқсан. Turaninform. Ұлыбритания экономикасы $49,7 млрд. зиян шегіп қана қоймайды. Жылына 200 мың жұмыс күнін жоғалтатын көрінеді. Оның үстіне демографиялық та шығын тартады екен. Мәселен, кенеттен қайтыс болатындар саны тәулігіне 7-9 сағат ұйықтайтындармен салыстырғанда 6 сағаттан аз ұйықтайтындарда 13%-ға көп дейді! Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап, Interfax таратты.
Ұйқы қанбаса еңбек өнімділігі төмендейтіні белгілі. Бірақ, осылайша, Rand Europe компаниясы секілді экономикаға зиянын тиянақтап есептеу жағы кемшін еді. Сонымен қатар, Rand Europe компаниясының сарапшылары, мысалы, фирма (мекеме) кеңселерінің бірін демалуға, ұйықтауға арнаған жөн деп кеңес береді.
Аталған соманы өз еліміздің және Өзбекстанның экономикасына қатысты салыстырайық. 49,7 млрд. АҚШ доллары – биылғы қараша айындағы көрсеткішпен есептесек, еліміздің жылдар бойы жинаған Ұлттық қор активтерінің 81% шамасы, ал, Өзбекстан үшін тіпті үлкен сома: ЖІӨ-інің 80%-ынан асады екен!
Ұйқының маңызын қазақ әлімсақтан білген ғой. Тек тәттісіне түсіп кетпей, «арсыздығын» алыста ұстап, жолатпаған да абзал болса керек…
Фото 4eshir.ru-дан
ПІКІРЛЕР