АҚШ Иранды қайта бомбалауы мүмкін 

АҚШ Иранды қайта бомбалауы мүмкін 
21-сәуір. Turaninform. Қ. Қалмахан. Ақ үй басшысы Д. Трамп АҚШ Иранға қайта соққы беруі мүмкін екенін ескертті. – …біз (Иранды) бомбалайтын боламыз, себебі, бұл дұрысырақ шешім – деді ол CNBC-ге берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, “оларда таңдау жоқ”.
 Иран да Ормуз бұғазына қатысты жіпті бірде ұзартса, бірде қайта тарта қояды. Олар халықаралық су жолын жабу арқылы, АҚШ қана емес, әлемдік экономикаға соншалықты әсер ете алатынын білді. Енді барынша пайдалануда. АҚШ болса, Иран порттарын қоршау, Тегеранның тағы бір жанды жері екенін байқады. Мәселен, сол қоршау кесірінен Иран экономикасы күніне шамамен $500 млн зиян тартатын көрінеді. Мұндай сома ирандық билік үшін зор ақша.
 Не де болса да, ертең Исламабадта өтетін екінші раундтан соң белгілі болады. Оқиғаның қалай жалғасатыны…
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0