Қытайдың ғарышты игеру ісі де өрлеуде

Қытайдың ғарышты игеру ісі де өрлеуде

25-желтоқсан. Turaninform. Қытай бұрыннан бұл салада «аузын қу шөппен сүрткен» мемлекет емес. Өткен ғасырдың 50-жылдары-ақ ғарышты игеруге ұмтылды. Соның негізінде XX­-ғасырдың 70-жылдары Жер серігін ұшырған бесінші мемлекет атанды.

Дегенмен, соңғы жылдардағы жетістігі әжептәуір. Мысалы, 2011­-жылы зымыран ұшырудан АҚШ-­ты басып озған! 2015­-жылға дейін 230 зымыран ұшырып, оның 94%-ы сәтті шығыпты! Сөйтіп, ұшыру саны бойынша төртінші орынға, ал, оның сәтті ұшуы жағынан екінші орынға көтерілген. Еуропадан кейін тұр. Биылға 26 ұшуды жоспарлаған мемлекет қыркүйекке дейін­-ақ 14-ін ұшырып, Ресейге жетіп, азулы АҚШ-­қа таяған (16 ұшырылым). 3-­қарашада ұшырған Чанчжэн-5 зымыраны да үлкен көрінеді. Тек АҚШ­-тың «Delta IV Heavy» зымыранына ғана жол беретіндей көлемде.

Қытайдың алдыға қойған мақсаты да ауқымды. Мәселен, 2020-жылға қарай өз ғарыш станциясын салуды, 2050-­жылға қарай Марсқа ғарышкер ұшыруды т.б. жоспарлап қойған екен. Осылайша аэроғарыш саласы да Қытайда жедел дамып барады.

Біз де биыл ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құрдық. Нәтижесі қалай боларын алдағы уақытта көрерміз. Тек «Бәйтерек» ғарыштық жобасындай болып кетпесе…

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0