9-қаңтар. Turaninform. Еуроодақ болашағына қатысты көптеген пікірлер айтылуда. Бірі теңдәрежелі одақтың болашағына сеніммен қараса, кейбірі керісінше. Дегенмен www. eurointegration.com.ua-ның «Евробарометр» жүргізген сауалнамаға сілтеме жасап таратқан ақпаратына қарағанда, ЕО елдері азаматтарының 50%-ы аталған одақ болашағының жарқын екендігіне сенсе, 44%-ы үшін бұлыңғыр. 6%-ы әлі бір шешімге келмеген. ЕО болашағына сеніммен қараған елдердің қатарында, одақ мүшелері – Люксембург (77%), Литва (70%), Польша (65%) бар. Керісінше, ЕО-ның іргелі мүшелерінен саналатын Францияда (41%), Италияда (42%) сенім төмен.
2011-жылы сенім тіптен төмен болған екен. Сол уақытта ЕО азаматтарының 46%-ы ғана одақ болашағына сеніммен қараған.
Фото akzent.zp.ua-дан
ПІКІРЛЕР