20-қаңтар. Turaninform. Былтыр баю бойынша, Berkshire Hathaway инвестициялық компаниясына қожалық ететін Уоррен Баффет бірінші орынға шыққан. Оның байлығы 2016-жылы $11,8 миллиардқа артып, $74,1 млрд. болыпты. Екінші орында Билл Гейтс (Microsoft). Бір жылда байлығы $9,8 миллиардқа дейін өскен. Үшінші орында Continental Resources компаниясының егесі – Гарольд Хамм. Гарольдтың байлығы $8,4 миллиардқа дейін артқан. Жалпы байлығы $15,3 млрд. Демек, бір жыл ішінде екі еседен артық өскен!
Дегенмен миллиардерлердің арасында жалпы байлықта бірінші орында – Билл Гейтс тұр. Оның байлығы $91,5 млрд. Бұл – Өзбекстан мен Қырғызстанның ЖІӨ-ін қосқандағыдан да көп.
ПІКІРЛЕР