1-ақпан. Turaninform. Жер жүзі елдерінің ішінде экономика бойынша ең ірісі – АҚШ. Үлесі – 23,32%! Әне-міне жетеді деген Қытайдың өзі АҚШ-тан әжептәуір қашық жатыр. Тіпті екінші орында тұрса да. Мәселен, Қытайдың әлемдік экономикадағы үлесі – 13,9%. Үшінші орында Жапония (6,18%). Төртінші орында Германия (5,17%) орналасса, бесіншіде Ұлыбритания (3,94%).
Егер жоғарыдағы мәліметке сүйенсек, әлемдік экономикадағы бірінші орында АҚШ әлі де бірнеше жыл қала беретіндей…
ПІКІРЛЕР