Алапат соғыс болып, соған АҚШ араласуы мүмкін деп алаңдайды

Алапат соғыс болып, соған АҚШ араласуы мүмкін деп алаңдайды

24-­ақпан. Turaninform. АҚШ-­та жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарағанда, алдағы төрт жылда үлкен соғыс болып, соған елі де араласуы мүмкін деп 36%-­ы тым уайымдайды екен. Сауалнамаға қатысушылардың ішінде бұл туралы мүлде уайымдамайтындары – 8-ақ пайыз! Соңғысы, «Қайғысыз қара суға да семіреді» дегендердің тобынан ба, әлде басқа ма, онысы белгісіз.

Ал, Демократияшыл партия жақтаушыларының 88%-­ы алда үлкен соғыс болып, соған АҚШ та килігуі мүмкін деп уайымдайды. Сауаланамаға қатысушы республикашылдардың жақтаушылары болса, соғысқа қатысты онша алаңдамайды екен. Тек әр 10 адамының 4шісі ғана уайымдайды делінген. Бұл туралы eurointegration.com.ua хабарлады.

Бейбітшілік пен берекенің арасын араздық бұзады. Өз еліндегі араздастыратын, арамза, алаяқ саясаткерді, президентті АҚШ қоғамы орнына қоя алар, бәлкім… Бірақ, басқа елдердің қоғамы өз мемлекеттеріндегі қауіпті саясаткерді уақытылы тәртіпке келтіре ала ма?..

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0