26-ақпан. Turaninform. Наразылық ҚР Жоғарғы Кеңесінің (Жогорку Кеңеш) депутаты, «Ата Мекен» партиясының жетекшісі, оппозиция өкілі Омурбек Текебаевты Қырғызстанның Ұлттық Қауіпсіздік Мемлекеттік комитеті (әрі қарай – ҰҚМК) өкілдері түн ортасында әуежайда тұтқындаудан кейін басталған. Оны Қырғызстанның Бас прокуратурасы «жемқорлық және алаяқтық» бойынша күдікке алып, соңынан іс қозғалған еді.
Митингке 2010-2011ж.ж. Қырғызстанның өтпелі кезеңінің президенті болған Роза Отынбаева да қатысты. Ол: Омурбекті тұтқындағанда, құдды бір терроршыны ұстағандай қылғанын, сонымен қатар, Алмазбек Атамбаевқа қарата, кезінде бір қатарда жүріп, жемқор жүйеге қарсы шыққанын еске салды. Ал, Жоғарғы Кеңестің экс-депутаты Ә. Сасықбаева: «Егер тергеу төрт сағаттан асса, бұл қинаумен, азаптаумен тең. Қатардағы адамдар, ҚР азаматтары ҰҚМК қабырғасында Текебаевқа қарсы не істеліп жатқанын білуге қақылы»
Митингке шыққандар ҰҚМК ғимаратын басып алғысы келген. Бірақ, милициялар күші оларды кейін қарай шегіндіріпті. Наразылыққа білдірушілер «Республика – Ата Журт» фракциясының жетекшісі Омурбек Бабановты, ҰҚМК басшысы Абдиль Сегізбаевті т.б. жұрт ортасына келуін талап еткен. Сонымен қатар, «Ата Мекен» партиясы жетекшісінің жақтастары Қырғызстан президентінің қызметтен кетуін талап етіпті. «Жиналғандар: «Атамбаев, кетсін!» (24.kg) деп те айқайлаған. Наразы жұрттың ішінде Ош және Жалал-Абад облыстарынан келгендер де бар екен.
Наразылық енді дүйсенбі күні «Ақ үй» алдында жалғаспақ.
ПІКІРЛЕР