Белградта 100 мыңнан аса адам наразылыққа шықты

Белградта 100 мыңнан аса адам наразылыққа шықты

17-наурыз. Turaninform. Сербия астанасы Белградта 100 мыңнан астам адам наразылыққа шықты. Олардың дені – студенттер. Қалың жұрт ел ішін жайлаған жемқорлыққа қарсы. Осынша адамның митингке шығуы бұрын-соңды болмаған көрінеді. Сербтер былтыр күзде вокзалдың маңдайшасы құлап, салдарынан 15 адам қаза тапқаннан бері билікпен қарсыласып келеді.

Сербия президенті А. Вучич 3-4 айда сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Дегенмен оның билігі бейбіт наразылыққа шыққандарға қарсы арандату амалын жасаған деген ақпарат бар.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki