Қызылорда облысында қалыптасқан игі дәстүр бойынша 12 көпқабатты үйден тұратын тағы бір жаңа мөлтек аудан пайдалануға берілді. Жаңа мөлтек ауданда 580 отбасы тұратын болады! Бұдан бөлек «Титов» шағын ауданында апатты жағдайдағы үйлердің орнына 100 пәтерлік көпқабатты 2 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналғандарды «Наурыз мерекесімен» құттықтап, құрылысшыларға жемісті еңбектері үшін ризашылығын жеткізді.
– Елбасы тапсырмасымен биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылады, оның аясында елімізде алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделуде. Бұл мақсатты жүзеге асыру ісінде де Сыр елі көшбасшылар қатарында болатындығына кәміл сенімдімін,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Айта кетейік, соңғы 4 жылда қаламызда жаңадан 11 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам отбасы баспанаға қол жеткізді. Құрылыс жұмыстары барысында 20 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды.
ПІКІРЛЕР