Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Түлек – 2017» жәрмеңкесі өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Түлек – 2017» жәрмеңкесі өтті

Кәсіби білім берумен қатар, жас маманның жарқын болашағын ойлап, жұмыс табуына жәрдемдесу. Бұл – 80 жылдық бай тарихы бар, аймағымыздағы іргелі білім ордасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ұстанған бағыт. Осы принцип негізінде оқу орны Қызылорда қаласы әкімдігімен, қалалық жұмыспен қамту және және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып, «Түлек – 2017» бос жұмыс орындары жәрмеңкесін алғаш рет өткізді. Шараға білім ұясын биыл бітіретін 800-ге жуық түлек және жүзден астам жұмыс беруші тараптың өкілдері қатысты. Сондай-ақ әлеуметтік маңызға ие мұндай игі бастамаға қолдау көрсету мақсатында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, ҚР Әділет министрлігі Қызылорда облысының Әділет департаментінің бастығы Қалдыбек Сапаров сынды бірнеше мемлекеттік органдардың, өндіріс орындарының, білім беру ұйымдарының және қаржылық құрылымдардың басшылары келіп қатысты.

Университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов жоғары оқу орнын тәмамдаған бітіруші түлектердің алдағы уақытта біліктілік талаптарына сай келуі үшін университет 40-тан аса мекемелер мен ұйымдар арасында әлеуметтік әріптестік орнатқанын айта келе, бүгінде оқу орнының түлектері өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына өз үлестерін қосып келе жатқандығына тоқталды.

Өткен жылы осы оқу орнын бітірген 700-ге жуық түлектің бүгінде 85 пайызы жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында университет ректоры Қ.А.Бисенов 10-нан аса бітіруші түлекке өз мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасуға жолдама табыстады.

Жәрмеңкесі барысында 107 жұмыс беруші тарап бос жұмыс орындарын ұсынды.

Университет ректоры Қ.А.Бисенов жұмыс беруші 9 мекеменің өкілімен  өзара қызмет және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, келісім жасасты.

Жас маманға жұмысқа тұруға мол мүмкіндік ұсынған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне бітіруші тілектер өз ризашылықтарын білдірді.

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі

Түпнұсқадағы тақырыбы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бітіруші түлектеріне арналған «Түлек – 2017» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0