18-қаңтар. Turaninform. Скандинавия елдерінің бірі Дания халқының барлығы дерлік жұмыс пен жеке өмірді қатар алып жүреді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) мәліметінше, даниялықтардың 1,1%-ы ғана аптасына 50 сағат не содан асатын уақытта жұмыс істеуге мәжбүр. Ал, әлемдік орташа көрсеткіш – 10,2% немесе он еседей артық!
Жұмыс-жұмыс деп жеке өмірі ұмыт қалмайды. “Датша өмір сүру өнері” кітабының авторы М. Викингтің сөзінше, даниялықтардың көбісі жұмысқа қуана барады. Сондай-ақ, басшылықтың қас-қабағына қарап, ол отырса, сен де жұмыста жәй отыра беру не жұмысыңды бітірсең де қайта алмау – оларға тән емес екені байқалады.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР