10-сәуір. Turaninform. Сирия – халықаралық саяси жағдайдың шиелініскен алаңына айналуы мүмкін. Іргелі елдердің әскери қақтығысқа түсетін, тіпті, беті әрмен, үлкен соғыс бастау алатын жер болуы да ықтимал. Егер, дипломатиялық келіссөздерге басымдық беріп, АҚШ, Батыс елдері Ресей және Иранмен өзара келісімге келмесе… Себебі, Ресей мен Иран АҚШ-тың Сирияға қатысты әрекеті “халықаралық құқықты бұзады” деген ойда. “Қызыл сызықтан” өтіп кетті, сондықтан келесі әрекетіне жауап беріледі деп те қоқаңдады. Ал, БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли “Ол (Д. Трамп) мұнымен тоқтамайды”, егер қажет болса, тағы да сондай соққы беруі мүмкін екенін ескертті.
Сонымен қатар, Никки Хейли Сирия диктаторы Б. Асад билігі тұсында бейбітшілікке жету мүмкін емес, сондықтан оны биліктен шеттету керек деп мәлімдеген еді. Дегенмен бірінші кезекте «Ислам мемлекеті» террорлық тобын талқандау, тіпті Иранның ықпалын азайту мақсатын көздейтінін де атап өтті.
Демек, АҚШ Сирияға бір мезетке емес, «қонып жатуға» келгендей…
ПІКІРЛЕР