Иран: наразылық салдарынан 16 мыңнан аса адам қаза тапқан

Иран: наразылық салдарынан 16 мыңнан аса адам қаза тапқан

20-қаңтар. Turaninform. Өткен жылдың соңында басталған Ирандағы наразылық салдарынан 16 500 адам қазаға ұшыраған. Жабық елде, әрине, бұл да нақты мәлімет болмауы мүмкін. Жараланғандар, жарымжан болып қалғандар бұдан да асып түседі. Мәселен, мұның ішінде мыңдаған адам көзінен айрылған көрінеді. Парсы жеріндегі жаппай наразылық елде әбден ушыққан саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерден туған еді.

 Ислам атын жамылған тоталитарлы теократиялық мемлекеттің диктаторы Ә. Хаменеи бұл жағдайға АҚШ президенті кінәлі деп, оны қылмыскер санады. Ал, Д. Трамп болса: “Иранға жаңа басшылық іздейтін уақыт келді”, – деді. Иран президенті М. Пезешкианнің сөзінше, Ә. Хаменеиге шабуыл жасау, ирандықтарға соғыс ашумен пара-пар. Сонымен қатар, АҚШ билігі Иран “америкалық базаларға соққы жасауға дайындалып жатыр” деген ақпарат алғанын мәлімдеді. Мұндай жағдайда ирандық билік “өте, өте сұрапыл күшпен соқтығысады” деп ескертті.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0