Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) айы – Шағбан құтты болсын!

Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) айы – Шағбан құтты болсын!

Қасиетті айлардың бірі – ережептен соң келетін шағбан Мұхаммед пайғамбарымыздыкы (с.а.с.) деп те саналатыны белгілі. Сонымен қатар бұл ай Рамазанға кіретін қақпа сияқты. Әбу Умәмә әл-Бәһилиден жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Шағбан айы кіргенде, нәпсілеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар», – деген (old.muftyat.kz) екен.

Бұл айдағы оразаның орны қандай? Бұл туралы Ihsan.kz сайтына сілтеме жасай отырып мына хадисті ұсынғанды жөн көрдік: Әнас (р.а.): «Алла елшісінен (ﷺ) «Рамазаннан кейін қандай ораза маңызды?», – деп сұрағанда, ол (ﷺ): «Рамазанға құрмет ретінде шағбан айында ұсталған ораза», деп, ал: «Қай садақа абзал?» деп сұрағанда, Алла елшісі (ﷺ): «Рамазан айында берілген садақа», – деп жауап берген» (Тирмизи, Зекет, 28 Ибрахим Жанан, Кутуб әс-Ситта, аудармасы, 9-66). Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) шағбанда рамазаннан басқа қай айдағыдан болмасын, көп ораза ұстайтыны да жеткен. Сонымен қатар, бұл айда қасиетті Бараат түні бар.

«Шағбан айы Ислам тарихында маңызды оқиғалардың орын алуымен де ерекшеленеді. Атап айтқанда, хижреттің екінші жылы, Шағбан айының орталарында түскен аяттарда мұсылмандар құбыласы өзгерген. Бұрынғы Ақса мешітіне емес, ендігі жерде  Меккедегі қасиетті Қағбаға бет қарататын болған. Ал тағы бір аяттарда Рамазан айындағы ораза парыз етілген» Muslim.kz.

Олай болса, Жаратушымыз АЛЛА осы айда да жақсылықпен жарылқай көрсін!

 Құрманғали Нұрғалиев

 Фото ummet.kz-тен алынды

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0