9-мамыр. Turaninform. КСРО мен Германия арасындағы қарым-қатынас 1941-жылы соғыс басталғанға дейін әжептәуір жылы болған. Сталиннің өзі: «Егер, Германия қиын жағдайға тап болса, кеңес халқы Германияға көмек береді, әрі оның тұншықтырылуына жол бермейтініне сене берсін» деген екен. Бұл «хаттама» сөз емес. Іспен көрсеткен. Мәселен, 1939-1941 ж.ж. КСРО-ның Германияға жасаған көмегінің бірсыпырасы төмендегідей:
- 1 млн 463 тонна астық;
- 865000 тонна мұнай;
- 14 000 тонна мыс;
- 3000 тонна никель;
- 26 000 тонна хром рудасы;
- 2736 кг платина
Тіпті Геббельс КСРО Германияның қалағанынан да көп жіберіп жатыр депті ғой…
ПІКІРЛЕР