16-мамыр. Turaninform. Егер жалдап отырған модельдерінің салмағы денсаулығына қауіп төнетіндей деңгейде төмен, арық болса, жұмыс беруші 75 мың еуро айыппұл төлейді немесе 6 ай түрмеге қамалады. Модельдері де сән үлгілерін көрсетуге, фотосессияға қатысу үшін дәрігерлерден салмағына қатысты мәселе жоқ екенін білдіретін анықтама әкелуге міндеттелді. Осылай қатаңдату арқылы Франция анорексиямен күреспек.
Өкінішке қарай, тек Францияда ғана емес, әлемнің бірнеше мемлекеттерінде анорексияға ұшырағандар, одан қайтыс болғандар кездеседі. «Әдемілік құрбандықты талап етеді» деген қасаң сөзді қағидасына айналдырып, зиянын тартып жүргендер біздің елде жоқ деп те ешкім айта алмас, сірә.
ПІКІРЛЕР