Жалған құжатпен шекарадан өтпек болған отбасы ұсталды

Қазақстандық шекарашылар Ұлыбританияның жалған төлқұжатын ұсынған отбасын ұстады. Олар Ауғанстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды BNews.kz.

Аталған отбасы Украина арқылы Венаға өтпек болады. «Алматы» өткізу пунктінің қызметкерлері «Алматы-Киев» әуе рейсін рәсімдеу кезінде Ауғанстан азаматшасының жалған құжат ұсынғандығын анықтайды. Азаматша Ұлыбритания төлқұжатын иемденген, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Төлқұжат бақылауы тереңірек тексергеннен кейін үш төлқұжаттың, оның ішінде азаматшаның екі баласының да құжаттары жалған екенін анықтайды.

Өзара әрекет етуші органдар ақпараттандырылып, төлқұжаттар тартып алынды.

bnews.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0