5 маусым күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймаққа жұмыс сапарымен келген «БЖЗҚ» АҚ-ның Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда облыстық әкімдігі мен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға сәйкес, қор қызметкерлері облыс тұрғындарын ақпараттандыру, атап айтқанда: халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және зейнетақы жүйесін жаңғырту жөнінде іс-шаралар жүргізеді.
Аймақ басшысы атап өткендей, ресми деректерге сүйенсек, Қызылорда облысы халқының саны 769,5 мың адамды құрайды. Ал, 345 623 адам экономикалық тұрғыдан белсенді болып саналады. Оның ішінде, 206 904 адам (60%) жалдамалы қызметкерлер болса, 121 647-сі (35%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
ПІКІРЛЕР