7-маусым. Turaninform. Таңертең Иран парламенті және аятолла Хомейни кесенесіне шабуыл жасалған. Терактіні «Ислам мемлекеті» террористік тобы мойнына алыпты. Қаза болғандарға қатысты мәліметтер әртүрлі. Tasnim News Agency Иран парламентіне белгісіз төрт адам шабуыл жасап, 7 адам құрбан болды деп хабарлаған. Кей ақпарат құралында қаза болғандар саны бұдан көп.
Әйтеуір террористердің көзі жойылды деген ақпарат тарады. Иран жан-жағындағы қанды қырғын толастамай тұрған елдермен салыстырғанда бейбіт, тыныштау мемлекет саналады.
ПІКІРЛЕР