17 маусымда Қызылорда қаласында медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жоғары жетістіктерін атап өтті.
– Атқарылған жұмыстың нәтижесі көрсеткіштермен бағаланады. Өңірімізде өмір сүру ұзақтығы 71,9 жасқа жетті. Ана өлімі 86,6 пайызға, сәби өлімі 2,5 есеге төмендеді. Жүрек-қан тамырлары ауруларымен науқастану мен өлімі 6 пайызға, қатерлі ісік ауруларымен науқастану мен өлімі 8,4 пайызға, туберкулез 10,3 пайызға азайды. Жасыратыны жоқ, осыдан бір-екі жыл бұрын республикалық көрсеткіштердің алдыңғы орындарын бермей келдік. Қазір ана мен сәби өлімі көрсеткіштері бойынша республикада 9-орынға тұрақтадық. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында құтқарылған жүздеген, мыңдаған өмірлердің дәлелі, -деді аймақ басшысы.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев медицина саласының ең үздік қызметкерлерін марапаттады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
ПІКІРЛЕР