26-маусым. Turaninform. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі елімізде киіктердің саны артқанын мәлім етті. Министрліктің биылға қатысты қорытынды санағына қарағанда, киіктердің үш популяциясының cаны 152 мыңға жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 40,9 %-ға артық екен. Бұл қуанышты оқиға.
Дегенмен, алдыңғы жылы киіктердің жаппай қырылуы орын алмай тұрғанда, үш популяция – Бетпақдалада 216 мың, Батыс Қазақстанда 36 мың, Үстіртте 1700 киік болған еді. Демек, сол көрсеткіштен әлі 100 000-дай төмен!
ПІКІРЛЕР