Агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы және ондағы келісімдер, меморандумдар

Агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы және ондағы келісімдер, меморандумдар

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» Ұлттық Холдингімен бірлесіп Астанада «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумын өткізді. Бұл шараға әлемнің 18 елінен шамамен 200-ден астам  қатысушы келді. Оның ішінде ірі шетелдік инвестициялық қорлар мен қаржы ұйымдарының шамамен 40 өкілі, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік агробизнестің мүдделі өкілдерінің кеңейтілген тобы қатысты.

Форумның негізгі міндеті – қазақстандық бизнеске ауыл шаруашылығындағы және азық-түлік тауарларының өндірісіндегі жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер іздестіруге көмектесу, салаға инвестициялық капитал тарту, АӨК бизнес жүргізу үшін жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау. Инвестициялық форумда іскерлік қатынастарды қалыптастырудан басқа, отандық бизнестің шетелдік серіктестермен және инвесторлармен тиімді ынтымақтастығына кедергі келтіруі мүмкін бірқатар проблемалық мәселелер де талқыланды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов:  «Мемлекет басшысы: «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйвері болуы тиіс» – деген болатын. Бұл үшін нарықтарда қажет етілетін АӨК бәсекеге қабілетті өнімдерінің өндірісін әртараптандыру қажет», – деді өзінің құттықтау сөзінде. Министрдің айтуынша, интеграциялық процестер жағдайында Қазақстанға бәсекелестік басымдықтарға қол жеткізу үшін халықаралық озық тәжірибенің трансферті қажет. Тікелей шетелдік инвестициялар тарту және ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді негізде бірлескен өндіріс құру – бұл қазіргі таңдағы біздің бет алысымыз.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан мемлекеттік реттеу мен инвесторларды қолдау бағытында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Еліміз тартылған инвестицияларға қолайлы жағдай жасау бойынша ТМД елдері арасында көшбасшылардың бірі болып саналады.

А.И.Мырзахметов Қазақстанға инвестиция құя отырып Қытай, Ресей және ЕЫЭҰ елдері нарығына шығуға мүмкіндік туатынын тілге тиек етті.

«ҚзАгро» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов, соңғы 5 жылдың ішінде ғана «ҚазАгро» және оның еншілес компаниялары АӨК 1,3 млрд.АҚШ долларынан астам, 600 млн. еуро және шамамен 1,5 млрд. рубль немесе жалпы 375 млрд. теңгеден астам шетелдік инвестиция тартқанын атап өтті.  Холдинг басшысының айтуынша, Қазақстанда халықаралық инвесторлар үшін артықшылықтардың кеңейтілген спектрі көзделген, олар субсидия, несиелер және басқа жеңілдіктер түріндегі салалық артықшылықтар, басым инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі кедендік баж салығынан босату және т.б.  «Қазақстан экономикасының аграрлық секторының қолданыстағы заңнамалық базасы нарық талаптарына, халықаралық практика нормаларына сәйкес келеді және кәсіпкерлік бастамаларды қорғауға және қолдауға бағытталған, ол  Doing Business рейтингісімен қолдауға ие болады», – деді Нұрлыбек Малелов.

Алайда, сүт, ет, мал, майлы және басқа да сұранысқа ие дақылдарды  қайта өңдеу өнімнің көлемін  одан ары арттыра түседі.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда министрлік  экспорт саясатын мақсатты түрде жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, жаңа экспорттық арналарды құратын, ал жұмыс істеп тұрғандарды кеңейтетін, ірі экспорттық партияларды АӨК экспорт орталығы құрылды.

Қазіргі таңда ҚХР компанияларымен астықты, майлы дақылдарды, өсімдік майын экспорттау үшін келісім шартқа қол қойылса, Араб Әмірлігі мен Иранға жасымық тасу үшін компаниялармен келісімге қол қою қайта өңделуде, ал, Ресей, Израиль, Гонконг елдерінің компанияларымен күнбағыс тұқымын, қатты бидай, ұн, ноқат, бұршақ, қой етін тасымалдау үшін келісөздер жүргізілуде.

Қытай нарығына сиыр, шошқа еттерін, сүт, құс өнімдерін, тірі жануарлар, соның ішінде жылқыларды шығару жоспарлануда.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Израил, Кувейт мемлкеттерінің ветеринарлық қызметімен қой етін жеткізу жолдарын және де Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, ЕвроОдақ мемлекеттеріне құрғақ бие сүтін экспорттау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Ал, Парсы шығанағы елдері бойынша келіссөздер аяқталуға жақын.

Осы агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы аясында Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын экономикалық әртараптандыру тұрғысында бірқатар маңызды келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

Агроөнеркәсіптік форум барысында қол қойылған келісімдер мен меморандумдар:

– Қазақстанның АӨК шағын және орта кәсіпорындарын 100 млн.еуро сомасына несиелеу үшін АНК және ЕИБ арасындағы қаржы шарты;

– Ақтөбе облысында алаңы 20 га қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру туралы FoodVentures (Голландия), «ADM Capital» (Венгрия) және “Green Capital Kazakhstan” ЖШС (Қазақстан) компаниялары арасындағы келісім. Бұл Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобалардың бірі.

– «ҚазАгро» холдингі» АҚ және « Da Vinci Capital» компаниясы арасындағы тікелей инвестициялардың аграрлық қорын құру жөніндегі келісім.

– Азия Даму Банкі және «ҚазАгро» холдингі» АҚ  арасындағы Қазақстанның ауылшаруашылық секторына оның экономикалық әртараптануын қолдауға инвестициялар тарту жөніндегі  өзара түсіністік туралы меморандум;

– «ҚазАгро» холдингі» АҚ және  «Узагротехмаш» АҚ  (Өзбекстан Республикасы) арасындағы ауылшаруашылық машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

– «Агротехнологияларды коммерциялау және трансферт орталығы» ЖШС және «PHOENIX FEED MILLS» LLP компаниясы және «SAB Agrobusiness» LLP компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдар. Құжаттар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын әртараптандыру жөніндегі артықшылықтарын ескере отырып, инвестициялық белсенділікті кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру бөлігіндегі  ынтымақтастықты көздейді.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі 

Түпнұсқадағы тақырыбы: Агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0