Қазақстанда еңбек келісімшарттарының электронды жазбасы жұмыс істей бастайды

Қазақстанда еңбек келісімшарттарының электронды жазбасы жұмыс істей бастайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық ресурстарын дамыту туралы баяндады.

Осылайша, Бірыңғай электронды еңбек биржасы базасында қызметкердің бейінін сақтау және еңбек келісімшарттарын тіркеу үшін e-HR жүйесі құрылады.

Электрондық форматқа көшірілген еңбек келісімшарттары қағаз кітабынан бас тартуға, азаматтардың ресми жұмысқа орналасуы туралы, келісімшарт жасау күні көрсетілген ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қызметкердің бейінін енгізу және оның құзыреттілігін онлайн тәртібінде растай алатын болады.

Еңбек министрі атап өткендей, бұл жобаны мемлекеттік жекемешік әріптестік шеңберінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Биыл бір пилоттық аймақта жұмыс басталады. Жұмыстың нәтижесі бойынша жүйе бүкіл аймақта жүзеге асырылатын болады. Жобаны іске асыру Еңбек кодексіне өзгерістер енгізуді талап етеді. Ол келісілгеннен кейін біз тиісті заң жобасын дайындаймыз» – деді Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар, электрондық еңбек биржасының негізінде хабарлау процедурасында 12 МВт-дан төмен табыстары бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды электронды тіркеу жүйесін құру жоспарлануда. Тіркеу туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

Жалпы алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және еңбек келісім-шарттарын жасаған еңбек биржасының деректері жеке тұлғалардың мемлекеттік базасына түседі. Бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесін автоматтандыруды және тұрақты түрде жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.

Тағы бір айта кетерлігі, Министрлікте құрылған Әлеуметтік –еңбек саласының Біріңғай ақпарат жүйесі қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша бірнеше жобаларды қамтиды. Олар – еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зәйнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет және көш-қон бағыттары.

 enbek.gov.kz

 Фото primeminister.kz-тен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0