26-қараша. Turaninform. Зимбабвенің экс-президенті, диктатор, биліктен күштеп тайдырылған Роберт Мугабе тегін кетпепті. The Guardian таратқан ақпаратқа қарағанда, ол өмірінің соңына дейін мемлекеттен ай сайын $150 000 көлемінде алып тұратын болыпты! Соның үстіне «өз еркімен» кеткені үшін Робертке өтемақы ретінде мемлекеттік бюджеттен миллиондаған АҚШ доллары төленеді екен. Тіпті өтемақы көлемі шамамен 10 миллиондай АҚШ доллары деген де ақпарат бар.
Сонымен қатар, Мугабе қайтыс болғасын, әйеліне ол алып келген $150 000 «зейнетақысының» жартысы төленіп тұрмақ екен. Мұның сыртында емделуі, қауіпсіздігі, шетелге сапары т.б. үшін мемлекет есебінен төленетіні тағы бар.
ПІКІРЛЕР