22-қаңтар. Turaninform. Сирияның Африн аймағында әскери әрекеттерін бастаған Түркияға қатысты, Франция БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл жиналыс өткізуге шақырды. 20-қаңтарда әскери әрекеттерін бастап кеткен Түркия жүзден аса әуеден соққы беріп үлгірген.
Енді әңгіменің екінші жағына қатысты. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне осы айда төрағалық етіп отырған Қазақстанның әрекеті қандай болмақ? Қандай саяси қадамға барады? Түркиямен байланысымыз әжептәуір, бірақ, Сирияның тұтастығының бұзылғаны да анық. Сонымен қатар, Түркия Сириядағы әскери әрекетін күрдтерді демеуде деп АҚШ-ты сынай отырып бастады. Осы айдағы уақытша төрағалығы біткенге дейін уақытты соза тұруға саяси күш-жігері жете ме? Жетсе де бұл абыройлы жол болып саналады ма деген сауал да соңынан шыға келеді…
ПІКІРЛЕР