Франция көмір пайдаланатын электр станцияларын жаппақ, ал біздің ел сол “дәуірде”…

Франция көмір пайдаланатын электр станцияларын жаппақ, ал біздің ел сол “дәуірде”…

2-ақпан. Turaninform. Құрманғали Нұрғали. Көмір пайдаланатын бүкіл электр станцияларын Франция жаппақ. Қазір емес. 2021­-жылға қарай… Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон жақында ғана өткен Давостағы (Швейцария) Бүкіләлемдік экономикалық форумда мәлімдеген болатын. Оның мәлімдеуінше, 2021­-жылға таяу бүкіл көмір кен қазу орындары жабылады.

Францияның көмір пайдаланатын бүкіл электр станцияларының өндіретін энергиясы сол елдің қажеттілігінің бар болғаны үлесі 1%­-ын ғана өтейді екен. Демек, Франция бұл қадамға батыл түрде баруы әбден мүмкін… Көмір пайдаланатын бүкіл электр станцияларын жабудағы басты мақсат – әлемдік экологияның, климаттың бұзылуына жол бермеу, сақтау.

Біздің ел әлі көмір “дәуірінен” шыға алмай отыр. Тіпті көмірдің қалың қабатының үстінде отырса да тапшылықта өмір сүруде! Дамыған мемлекеттердің сондай қадамға баруы – бұл тақырыпта да ел болып ойлануды қажет етеді…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0