Д. Қонаев: «Желдіріп жетпіске келіңдер, сексеннен секіріп өтіңдер, тоқсанда тоқтамаңдар, жүзге келгенде…»

Д. Қонаев: «Желдіріп жетпіске келіңдер, сексеннен секіріп өтіңдер, тоқсанда тоқтамаңдар, жүзге келгенде…»

Дінмұхамед Қонаевтың 70 жылдығына арналып жайылған дастархан болуы керек. Тілек білдірушілерге ризашылығын, алғысын айта келе, Дінмұхамед атамыз сөзін қазақша жалғастырғысы келетінін білдіреді…

Д. Қонаев үлкен жастағы коммунист, ұлты қазақ, «сақалы кіндігіне түскен» кісімен кездескенін айтады. Ақсақал Дінмұхамед Меңдіахметұлына: «Желдіріп жетпіске келдің, секіріп сексеннен өт, тоқсанда тоқтама, жүзге барғанда ақылдасамыз» деген екен. Мұны естіген залдағы адамдарда ду күлкі. Дінмұхамед атамыз да жадырай күліп тұрады…

Дінмұхамед атамыз сөзін әрі қарай жалғастыра отырып: «Желдіріп жетпіске келіңдер, сексеннен секіріп өтіңдер, тоқсанда тоқтамаңдар, жүзге келгенде бәріміз ақылдасып шешеміз» деп залдағы жиналғандарға ақсақалдың тілегін «шекпен жауып», қайыра арнайды.

 Құрманғали Нұрғали

 Ескерту: Д. Қонаев сөздері мен скриншот фотосы ютубтан алынды

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0